Сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрастыр. Германия елшілігі Астанада заманауи табиғи қуат көзін пайдалану жолдарына арналған көрме өткізді. Азаттық тілшісі көрмені қазақстандық эколог ғалыммен бірге тамашалап, сұхбат алды.
Астанада қыркүйектің 10-ы күні Германия елшілігі «Табиғи қуат көздері. Германияда жасалған» атты көрме өткізді. EXPO-2017 көрмесінің алдында ұйымдастырылған шараға ғалымдар, дипломаттар мен Астана тұрғындары келді. Германияның Қазақстандағы елшісі Гидо Херц Азаттық тілшісіне қазіргі кезде Германияда жел мен күн көзінен алынған энергияның үлес салмағы 11-12 пайызға жеткенін айтты. Ол бұл энергияның көп бөлігі желден алынатынына назар аудартты. Елшінің ойынша, тек қана табиғи қуат көздеріне арқа сүйеуге болмайды. Өйткені жел мен күннен алынатын қуатта тұрақтылық жоқ. Сондықтан қосымша тұрақты қуат көздері керек.
Азаттық тілшісі: - Еуропаға ғылыми жобалар бойынша жиі барып жүрген ғалымсыз. Еуразиялық Одақ елдерінде табиғи қуат көздерін игеру жағы қалай дамыған?
Мұрат Нұрышев: - Германияның Ганновер, Дюссельдорф сияқты қалаларында болғанымда әрбір төбеге секундына 5 метр желді қуат көзіне айналдыратын қондырғылар қойғанын көрдім. Осының өзі жоғарғы электр қуатын беруге қауқарлы. Оның үстіне, Германияда жақсы жолға қойылған қоқыс өңдеу ісі бар. Мәселен, ескі радио, телевизор, электро жарықтандырғыш қондырғылардан алтын алып отыр. Ал кәдімгі тұрмыстық қалдықтарды өңдеу арқылы газ алады.
Азаттық тілшісі: - Ал Қазақстандағы жағдай қалай?
Мұрат Нұрышев: - Қазақстанда 30 миллиард тонна түрлі қалдықтар жиналған. Бұл деген еліміз қалдықтар еліне айналып бара жатыр деген сөз ғой. Біз бұдан арылуымыз керек. Жиналған қоқысты өңдеуге көшуіміз керек.
Азаттық тілшісі: - Жасыл елге айналу үшін әуелі көмір жағудан құтылуымыз керек болар?
Мұрат Нұрышев: - 18-ғасырдың аяғында Лондон қаласының мэрі көмір жағуға тыйым салған. Содан бері ол жақта көмір қолданылмайды. Ал біз әлі күнге дейін қара көмір жағып, өз жерімізді ластап жатырмыз. Біздің Сағат Мұхамеди мен Ғаббас Құсайынов сияқты қазақстандық ғалымдар көмірді тазартып қолдану технологиясы бойынша жобалар жасап шыққан. Осы технологияны пайдалансақ, тазалығы аса жоғары көмір аламыз. Бұл көмір қолданыстағы отыннан әлдеқайда зиянсыз. Біз осы жобаны «EXPO-2017» көрмесіне шығарсақ дейміз. Алайда жоба әлі күнге дейін қаржыландырылмай отыр. Айта кетер жайт, осы кезге дейін біз энергияның 75-80 пайызын көмір арқылы алып отырмыз. Ал іргемізде тұрған Ресейде 80-82 пайыз газға көшкен. Бізде газ қуаты әлі 11-12 пайыз. Неге олай? Ол тағы бір өзекті мәселе. Егер біз тезірек газдандыруға көшпесек, шөлейттену жоғарылай береді. Неге десеңіз, ормандар құрып жатыр. Кезінде Ақтаудан бері қарайғы өзендердің бойында орман болатын. Қазір оның бәрі жоқтың қасы. Міне, сондықтан да көмір жағудан газдандыру ісіне көшу үшін жылдам қимылдауымыз керек.
Азаттық тілшісі: - Сұхбатыңызға рақмет.

Германия елшілігі
Астанада
көрме
«Табиғи қуат көздері.
Германияда жасалған»
атты
күні
қыркүйектің 10-ы
өткізді.​


Сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрастыр. Германия елшілігі Астанада заманауи табиғи қуат к

adri121 adri121    1   19.10.2020 07:02    7

Ответы

Астанада

қыркүйектің 10-ы

күні

Германия елшілігі

«Табиғи қуат көздері.

Германияда жасалған»

атты

көрме

өткізді.

Объяснение: я ПРОВЕРИЛ

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi