«Сіздің ойыңызша, мәтін бойынша көтерілген мәселелердің қайсысы өзекті?» сұрағы бойынша «ПОПС формуласы» негізінде өз жаубыңызды білдіріңіз. Массачусетс технология институты таныстырған GelSіgһt құрылғысы негізінде жұмыс істейтін құлтемір кез келген ілулі тұрған USB кабельдерді өздігінен қосып-ажырата алады. Сондай-ақ, құрылғы механикалық өлшеммен объектіні анықтаудың жаңа әдісін меңгерген. Назарға іліккен кез келген затты анықтап, соған сәйкес дене қимылын орындайды. Бұл жаңа технологияның сезгіштік қасиеті адам саусағының сезімталдығынан 100 есе күшті көрінеді.
Адам әрқашан өз деңгейінде әңгімелесе алатын, жалғыздықты сезінбеуге мүмкіндік туғызатын досты іздейді. Жапондар мұның жолын тапқан сияқты. Жақында олар адамның көңіл-күйіне қарай сөйлесе алатын құлтемірлер жасап шығарды. Қол, көз, бет-әлпетінің қимыл ишарасы арқылы адамның көңіл күйін тез анықтап, әңгімелесетін көрінеді. Құлтемір адаммен әңгімелесу барысында 5 мыңға жуық сөз тіркесін қолданады екен. Және адамдардың қарапайым сұрақтарына жауап береді. Pepper деп аталған бұл құлтемірдің «Махаббат, адамдар қарым-қатынастары» тақырыптарында әңгімелесуі көрер-мендерді таңқалдырған. Құны 2 мың доллар тұратын бұл құлтемірдің әзірге 200 тәжірибелік үлгісі шығарылған. 2015 жылдың ақпанында оны жаппай
сатылымға шығармақ.
«ПОПС формуласы»
Менің ойымша,
Оны былай түсіндіремін:
Оны мына фактілерімен , мысалдармен дәлелдеймін:
Ойымды былай қорытындылаймын: