Сөз маржан Қоңсы - 1) кедей ауыл, кірме; 2) бірге отырған ауыл-үй, көрші-қолаң.
Шекпен - жүннен тоқылған немесе қалыңдау матадан тігілген сырткиім.
Жөргем - бұл жерде: 1) пайда, олжа; 2) будақтап өрілген ішек; 3) жермен-жексен
болып шұбатылып өсетін шөп; 4) бір кесек шикі ет.
Пір - діни сөз. Бұл жерде қолдап-қорғаушы рух деген. Ауыспалы мағынада
демеуші, қолдаушы, сүйеуші деп те айтылады.
Дуан - белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлестік, бекініс, аймақ.
Дуанбасы - бір дуанға басшылық ететін адам.​

амир250 амир250    2   24.11.2020 17:22    1

Ответы
dkanya0055 dkanya0055  24.11.2020 17:30

киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi