Сөйлеу этикеті – қандай да бір қоғамда қабылданған адамдар айналасында және тиісті мәндермен жүзеге асырылатын сөйлеу әдебінің ережесі. Сөйлеу этикеті – бұл «қатынасты негіздейтін: тілдік, ұлттық, этникалық сияқты көптеген факторлардың түйісіп келетін, адамдар арасындағы қатынас саласы». Жағдаятқа сәйкес емес сөйлеу этикеті формаларын қолдану қатынастың микроклиматының бұзылыуына әкеліп соғады. Сөйлеу этикеті кез келген ұлттық мәдениеттің маңызды элементі де болып саналады.Оның мәдениетке екі жақты қатысы бар: 1) ол- қатынас, сөйлеу әдебі мәдениетінің элементі; 2) ол – тіл элементі, ал тіл болса- мәдениеттің туындауы мен өнімі, оның құралы мен оның сақтаушысы. Ұлттық мәдениет ерекшеліктері сыртқы белгілерде ғана емес, сөйлеу әдебінің формаларында да көрініс береді 2- тапсырмада берілген мәтінді оқу.
Берілген қағидаларды өз ойларыңмен толықтырып , осы үлгімен өздеріңе арналған нұсқаулық түзіңдер