Сөйлемнің түріне, сөйлем мүшесіне талдаңыз. 1. саған осыншама ауыр затты алып келуіме тура келді. (о. бөкей.) 2. нұрланға осы өлең жолдары көңілінен шықпаса да, тапсырма бойынша ән жазуына тура келді. («арқа ажары» газеті) 3. көпір де қирады, енді әрі қарай жүру мүмкін емес. (сонда) 4. маған бүгін
әкемнің досының үйіне бару керек. («мөлдір бұлақ» журналы) 5. дәл осы жерден сізге де, маған да тезірек кету керек. (сонда) 6. оның өмірі онсыз да қиын, сондықтан бұл шындықты айтуға болмайды. (ғ. м.) 7. жасұланға егіндікке түскен малды әкесіне айтпай қуып отыруға болады. («арқа ажары» газеті) 8.
шіркін-ай, жаздыгүні қатарлап, қыстыгүні көсемдеп жегіп жүрер ме еді! (о. бөкей) 9. айдынның амандығын қалар болсаң, тілеуін тілеу керек жылғалардың. (қ. мырза әлі) 10. айқызды қазірет қақпасының алдында бәтиманың қарсы алуына тура келді. (қ. и.) 11. еркебұлан, ауылға қайтайықшы, ел-жұртымды,
ағайын-туысымды көргім келеді. («бұқпа! » газеті) 12. мына жұмыстан құтылудың айласын табу керек. (сонда) 13. бүгінгі досыңды ертеңгі жауым деп санау керек. 14. бүкіл жалпақ даланы ен жайлап, еркін ұшып жүрер ме еді. (ғ. м.) 15. оның бәрін дөп басып айту мүмкін емес. («бұқпа! » газеті) 16. мұндай
сұрапыл шайқастың ішінде бізге кездесу мүмкін емес еді. (сонда) 17. егер ой кеселдері кез болып қалса, онда оған салынбау керек. (абай) 18. дабырлаған жұртты тез арада тәртіпке шақыру керек. (б. майлин) 19. қар үстінде қарайған тірі-ау деп топшылау мүмкін емес. 20. менің осы уақиғадан кейін қалада
қалуым мүмкін емес. (о. б.) 21. уыздай жас кезіңде, иә, сау кезіңде қатал, сенен тәкаппар біреудің болуы мүмкін емес. 22. арсылдап қотан қорыған төбетке де сіңірлі сүйек тастайтын, едірейді де алдап, қ қылып ұстау керек. («жұлдыз» журналы) 23. уақытмен қазан-ошақ сылдырла-маған, от басында ақ
жаулық жүрмеген үйге сенің барғың келе ме? 24. бақытсыздыққа ұшыраған баязитке менің қарағым келмейді, өйткені мен ескі жұртқа шығатын жусандай өмірдің ащылығын сезінемін. (мағжан) 25. саған құран сүрелерін, аяттарын оқи білетін, арабша сауатын ашқан жастарды көрсеткім келеді. («бұқпа! » газеті)