Сөйлемдерден жекеше формада тұрған сөздерді теріп жазып, олардан көптік мағыналы сөздер жасаңыздар. Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, шығыстың отар халықтарының империалистік езгіге қарсы XX ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды.