Сөйлемдерден еліктеу сөздерді тауып, олардың қызметін (сындық, амалдық, қи- мылдық) анықтаңдар.
1. Майқанованың шаңқ еткен даусы бір-ақ шығып үлгерді. 2. Өңі құп-қу
болып, сылқ етіп құлап бара жатыр. 3. Жүрегім лүп-лүп етіп, алқымыма
тығылады. (Б. Соқпақбаев) 4. Федоровтың көз оты жарқ етіп, дүние тұман-
данып, теңселіп бара жатқандай болды. 5. Федоров жалт етіп, тұздай көк
көзімен Еламанға қадала қарады. (Ә. Нұрпейісов) 6. Кісендер даусы гүрс-гүрс
етеді. 7. Надзиратель шошып кетіп, оқыс шегінгені сонша - тар дәліздің
артқы қабырғасына кегжең еткізіп басын ұрып алды. 8. Тесіктен жылт-жылт
аңдушы көздер көрінгенде, шықшыты бұлт-бұлт ойнап, тісі шықырлап жыны
қозады-ақ. 9. Сөйтсе, өздаусынан Рысқұлдыңөзіселкеткенекен. (Ш. Мұртаза)
10. Ақша маңдайлы, сұлу жүзді Үмітей ашық үнмен сыңқ-сыңқ етіп, үй ішіне
естірте күледі. (М. Әуезов)