《Сүйінбай мен Қатаған》айтысының мазмұнын《Ең бастысы》оқыта үйрету ойыны арқылы меңгеруге тырысыңдар. Ол үшін берілген айтысты мұқият, зейін қойып оқыңдар. Енді осы айтысты сипаттайтын бір сөз ойлаңдар да, параққа жазып қоцыңдар. Содан айтысты бір сөйлеммен сипаттаңдар. Артынан оның бір《құпиясын》табыңдар, яғни, онсыз берілген айтыс мəтіні мағынасыз болатындай бір ерекшелігін табыңдар. Барлығын жазып отырыңдар. Енді кезек-кезек сөздеріңді, сөйлемдеріңді оқыңдар,《құпияларыңды》 ашыңдар. Ең нақты, ең қызықты нұсқа таңдалады