Қ.Сәтпаев туралы 《Дара тұлға》 тақырыбында эссе​

Despair1704 Despair1704    1   30.11.2020 10:02    4

Ответы
IMP3R1UM IMP3R1UM  30.11.2020 10:10

Жалпы а ң өмірінде екі мақсат болады десек: бірі – күнделікті мақсат, яғни қара бастың қамы, екіншісі – ізгі мақсат. Ізгі мақсаттың ауқымы кең. Ол – еліме, халқыма адал қызмет етсем, қажетіне жарасам, гүлденіп көркеюіне үлесімді қосам деген ізгі арман. Сондай ізгі мақсат, асқақ арман иелері «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп ақын Сұлтанмахмұт айтқандай, бүкіл ақыл-ойын, талантын, еңбегін, бар өмірін елінің, халқының жарқын болашағына арнаған ұлы тұлғалар қазақ тарихында баршылық. Олар ұлы ғалым Шоқан, ұлы ақын Абай, ұлы жазушы Мұхтар, әйгілі ғалым Әлкей Марғұлан, ұлы геолог Қаныш Сәтбаев, т.б.

Уақыт өткен сайын олар оқшау дараланып, жарқырай түседі. Олар сарқылмас бұлақ, өздерінің талантымен, терең білімділігімен, тұңғиық терең ақыл-парасатымен, елінің, халқының, болашақ жас ұрпақтың жарқын өмірі үшін еткен ерен еңбек­терімен тарихта есімдері алтын әріппен жазылған ұлы тұлғалар. Солардың бірі де бірегейі – Қаныш Сәтбаев. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына биыл 120 жыл толғалы отыр. Болашақ ғалым 1899 жылы 12 сәуірде қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында Имантай бидің отбасында дүниеге келген. Нәрестеге Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Алайда анасы Әлима «Ғаниым», «Ғанышым» деп еркелеткен, содан Қаныш аталып кеткен. Сауатын ауыл молдасынан ашқан Қаныш, алдымен – ауыл мектебінде, Павлодардағы орыс-қазақ мекте­бінде, Семей мұғалімдер семинария­сында, кейіннен Томск технология институтын тамамдайды. Алғашқы еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған Қаныш, сонау аумалы-төкпелі ­заманда Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек сынды ұлы тұлғалармен иық тіресіп, халқының көзін ашып, көкірегін оятуда ерен еңбек сіңірді. Тіпті оның мектеп оқушыларына арнап ­«Алгебра» оқулығын дайындауының өзі – ұлтының болашағын ойлауының дәлелі болса керек. Алайда бала кезден жерінің тау-тасына қызығушылығы, оның жұмбақ сырын білуге деген ынтызарлығы геологиялық барлау мамандығы бойын­ша Томск технологиялық инс­ти­тутының тау-кен факультетін бітіргеннен кейінгі бүкіл өмірі Қазақ­станның жер қойнау, қазба байлығын зерттеуге арналған. Ол сарқылмас кең орындарын тапты. Қазақтың елі малға бай болса, жер қойнауы кенге бай екенін бүкіл әлемге көрсетті. Оның ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, оның ірі мыс кенді аймақ қатарына жататынын дәлелдеп беруі – ғылым саласындағы үлкен жаңалық болды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi