Сұрау есімдігінің соңғы қосымшасы қандай? Қонақты сағат нешеге шақырдың?
А) Көптік жалғау. В) Жұрнақ . С) Септік жалғау. Д) Тәуелдік жалғау. Е) Жіктік жалғау.
17. Сілтеу есімдіктерін көрсетіңіз.
А) Қашан, қалай. В) Міне, әне. С) Бәрі, бүтін. Д) Біздер, сіздер. Е) Біреу, кейбіреу.
18. Ілік септік тұлғасындағы сұрау есімдігін табыңыз.
А) Нешеуінің? В) Қайсын? С) Кімсіздер? Д) Неңіз? Е) Кіміңіз?
19. Бастауыш қай сөз табынан екенін табыңыз. Жиналыста ешкім сөйлемеді.
А) Есімдік. В) Етістік. С) Зат есім. Д) Сын есім. Е) Үстеу.
20. Нақ осы шақтағы етістікті табыңыз.
А) Келіп қалдым. В) Тыңдап отыр. С) Шыдамайды. Д) Келген жоқ. Е) Ұнамайды.
21. Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті белгілеңіз.
А) Билейді. В) Биледі. С) Биле. Д) Билеу. Е) Билеген.
22. Тұйық етістікті анықтаңыз.
А) Ұнау. В) Айтыс. С) Жу. Д) Көрсет. Е) Қу.
23. Бірыңғай болымсыз етістіктер қатарын көрсетіңіз.
А) Қашты, жазба, ойна. В) Бергенбіз, ойнасам, тістеме. С) Келіпті, тыңда, оқысын.
Д) Отырма, сөйлес, біл. Е) Барған жоқ, келме, қайтатын емес.
24. Салаластың түрін ажыратыңыз. Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ .
А) Ыңғайлас. В) Қарсылықты. С) Түсіндірмелі. Д) Кезектес. Е) Талғаулы.
25. Кезектес салаласты табыңыз.
А) Күн сайынғы бір жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды.
В) Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы тартылып қалады.
С) Қалада жаңа үйлер салынды.
Д) Машина жүрісін бірде шапшандатады, бірде баяулатып жүреді.
Е) Біз асыға кірдік.
26. «Әлде» жалғаулық шылауына тән құрмаластың түрін анықтаңыз.
А) Кезектес салалас. В) Себеп-салдар салалас. С) Ыңғайлас салалас. Д) Талғаулы салалас.
Е) Қарсылықты салалас.
27.Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.
А) Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан еңбегіңнің жемісін көресің.
В) Мысық ұйықтап жатқанда, тынышын алма.
С) Басқа пәле тілден деген, байқап сөйлескен дұрыс қой.
Д) Биылғы қыс суық болған жоқ . Е) «Бұның дұрыс болмайды»,-деп әкесі ренжіді.
28. Құрмалас сөйлемдерден қарсылықты салалас түрін табыңыз.
А) Таңат біресе сұрланды, біресе бозарды. В) Үлкендер төрде отыр, жастар босағада.
С) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей.
Д) Жазира осы жұмысқа орналасты, себебі мамандығына сәйкес еді.
Е) Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді.
29. Септеулік шылауы бар сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Жол арқылы В) Астана туралы С) Айтты ма? Д) Қала түгіл Е) Бірде дұрыс
30. Жұмбақ құрамындағы қай сөз шылау екенін көрсетіңіз.
Таңертең бар, кешке жоқ,
Кеш түгілі, түсте жоқ.
Мен әдемі моншақпын,
Ірі емеспін ұсақпын.
А) түгілі. В) емеспін. С) кеш. Д) мен. Е) жоқ.

200005nikolll 200005nikolll    1   19.05.2020 11:44    6

Ответы
simonovfggg simonovfggg  06.09.2020 18:41

16-В

17-В

18-А

19-А

20-В

21-С

22-

23-Е

24-

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi