Сұрақтарға жауап жаз. Нұр-Сұлтан қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 1996 жылы Уфа қаласында өткен түркітілдес мемлекеттер арасында өткен халықаралық «Туғанлық» фестивалінде Ш. Хұсайыновтың «Алдар Көсе» музыкалық комедиясын көрсетіп, лауреат атанды.
1999 жылы театр Каир қаласында өткен дүниежүзілік фестивальге қатысты.
2000 жылы Германия Федеративтің Республикасының бес қаласына гастрольдік сапармен барып қайтты. 2001 жылы Омбы қаласында театрдың онкүндігін өткізді. 2002 жылы Астана қаласының өнер күндерінің аясында Мәскеу қаласының «Моссовет» театрында Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектаклін қойған болатын. 2010 жылдың қаңтар айында Иран Республикасы, Тегеран қаласында Фаджр атындағы Халықаралық театр фестиваліне Мұхтар Әуезовтың «Қарагөз» спектаклімен (қоюшы-режиссер Әзірбайжан Мәмбетов) қатысты.
1. Елорда театры қай жылы лауреат атанды?
2. 1999 жылы қай қалада өнер көрсетті?
3. 2000 жылы қанша қаланы аралады?
4. Ресейдің қай қаласында театрдың онкүндігі өтті?
5. Ғашықтар туралы қойылымды қай қаланың театрында қойды?
6. Иран елінде қандай қойылым қойды?

t12345k t12345k    1   30.11.2020 10:42    4

Ответы
айрат36 айрат36  30.12.2020 10:45

1)1996

2)Каир қаласы

3)5

4)Омбы

5)мәскеу

6)Қарагөз

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi