сұраққа 2-3 сөйлеммен жауап бер. Адамның жауапкершілігі неліктен оның алға қойған мақсатымен , ой - ниетімен байланысты болады​

Mila1515 Mila1515    2   20.11.2020 11:14    2

Ответы
gerasi1 gerasi1  20.12.2020 11:14

ответ:Ал шын мәнінде көпшілік қауым қалай әрекет етеді? Жер бетіндегі адамдардың басым бөлігі белгілі бір жағдайларда өзін қалай ұстайды? Мысал ретінде кеңінен таралған жағдайды қарастырып көрейік: Өндіріс. Басшы қоластындағыларға қандай да бір жұмысты тапсырды делік. Оны орандау кезінде бір келеңсіз жағдай орын алды. Мысалы, электриктер тоқ сымдарын ауыстыру үшін жұмыс объектісіне шықты. Жұмыс кезінде ескі сызбалар бойынша сымдарды тартуға болмайтыны анықталды. Егер ескі сызбамен жұмыс істесе, тоқ сымы екі метрдей жетпейді. Осы орайда екі нұсқаны қарастырамыз: біріншісі, жұмысшылар басшылыққа хабарласып, ары қарай не істейтінін сұрайды. Екінші нұсқада да хабарласады, бірақ, жетпей қалған екі метрдің ақшасын қайтаруды немесе мәселені шешудің басқа жолдарын қарастыруды ұсынады. Екі нұсқаның айырмашылығын байқаған шығарсыз? Бірінші нұсқада жұмысшылардың әркеті өздерінен жауапкершілікті бірден алып тастауға бағытталған. Ал екіншісінде, толық болмаса да, мәселені шешу үшін жұмысшылар өздеріне жауапершіліктің бір бөлігін алып тұр. Иә, бірінші нұсқадағы адамдардың көңілі жәй, себебі жауапкершілік оларда емес. Бірақ, ештеңе ұтпайды да. Бұдан олар қандай өмірлік тәжірибе ала алады? Жауабы анық — ЕШҚАНДАЙ. Ал өмір даму барысында бір орында тұрмайтынын ескерсек, бұндай адамдар өзінің даму жолында кері бағытта қозғалады, яғни деградацияға ұшырайды. Міне, «біз неге жаман өмір сүреміз?» деген сұрақтың жауады осы жерде.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi