Сұлу Көкше өңірінде биік тау бар. Жерден атқан садақтың оғы оның шыңына жетпейді. Содан да бұл тау Оқжетпес атанып кеткен.
Бұл шыңға сүйсінбейтін жан жоқ. Жақыннан қарағанда сандықша тастарды қолмен әдейілеп қалағандай көрінеді. Қарағайлар мен шыршалар Оқжетпестің тастарына қадалып өскен.
Шың туралы мынадай аңыз бар. Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол елден ерекше ер тұлғалы, зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау аз емес еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты.
Бір күні сол бала шайқастан кейін сәл тынығып алмақшы болады. Күміскөлдің мөлдір суына рақаттанып шомылады да, Көкшенің баурайындағы қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сәтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Қапыда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, әл-дәрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Жау қолына тастамас үшін пілін де төбесіне көтеріп алады. Сондағы батыр осы Оқжетпес болса керек.

1-тапсырма. Мәтін мазмұнына сай екі сұраққа жауап беріңіз.
Сұрақ (во Жауап (ответ)
1. Атқан садақ тау шыңына жетпегендіктен, ол қалай атанған?

2. Батыр (кейіпкер) қандай тілек тілейді?

[2б]

2-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін тақырыбы бола алады?
А) Ел іші - алтын бесік. В) Туған жер - алтын бесік.
С) Отан – оттан да ыстық. Д) Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.

3-тапсырма. Мәтіннен берілген синоним сөздердің мағынасын тауып жазыңыз.
а). Батыр -
б). Жау

viktoriyabolgova viktoriyabolgova    2   04.05.2020 07:52    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi