Сұлу Көкше өңірінде биік тау бар. Садақтың оғы оның шыңына жетпейді. Сондықтан бұл тау Оқжетпес атанып кеткен. Шың туралы мынадай аңыз бар. Ертеде Бурабайда бір бала дүниеге келіпті. Ол елден ерекше ер тұлғалы, зор денелі, батыр болып өседі. Бала еліне келген жауды жолатпапты. Бір күні сол бала сәл тынығып алмақшы болады. Күміскөлдің мөлдір суына шомылады да, қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сәтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, жаудан жеңіле бастайды. Сонда батыр жаулардан жеңілгенше өлгенін артық санап, құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Сөйтіп, бала тасқа айналады. Сондағы батыр осы Оқжетпес болса керек. 1.Баланы қалай сипаттайды?

viktorius1 viktorius1    1   18.05.2021 08:48    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi