Сұлтан Бейбарыс (1225-1277) — Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны әл-Мәлік әз-Заһир Рукн-әд-дін Бейбарыс. Беріш руынан туған. Жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, қазақ тарихындағы аса ғажайып тұлға. 1250 ж. шамасында мәмліктердің әскери әмірі болып тағайындалған. Сұлтан Бейбарыс Мысыр мен Шам еліне билік құрған 1260—77 жж. аралығында крест жорықтарының беті қайтарылып, моңғол қосындарының шапқыншылығы тойтарылды, елдің саяси-әскери беделі жоғарылап, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарды. Бейбарыс тек қана талантты қолбасшы ғана емес, сондай-ақ, көреген саясаткер ретінде танылды. Ол сол кездің көптеген алыс-жақын мемлекеттері мен қарым-қатынас орнатты. Сұлтан Бейбарыс сол дәуірдің озық үлгісімен көптеген зәулім ғимараттар, көрнекті мешіттер, медреселермен емханалар, биік қорғандар мен қамалдар салдырды.

1)Автордың осы мәселені көтеруінің себебін 2 сөйлеммен түсіндіріңіз.
2) Мәселе оқырмандарға қандай ой салады? 2 болжамыңызды жазыңыз.

turkeev90 turkeev90    1   30.10.2021 05:56    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi