Сәлеметсіз бе. Қажымұқанның 150 жылдығына арналған «Қазақ даласының теңдесі жоқ палуаны» атты облыстық эссе байқауы.
Жұмыстар 22 ақпанға дейін аяқталуы керек.
Оқушылардың жұмыстарын әр тіл мұғалімдері ұсынады (әр сыныптан 1,2 жұмыс).
Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. ДОЮ ЗАРАН

nastasiia1989 nastasiia1989    3   19.02.2021 05:17    0

Ответы
f1chu f1chu  21.03.2021 05:18

Ескерткіш түгілі Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірі мен балуандығы жайлы қызықты әңгімелер көп. Көзінің тірісінде аңызға айналған адамның өміртарихының бұлайша таспалануы таң қалдыра қоймасы анық. Десек те...

Әңгімені Шымкентте Қажымұқанға ескерткіш қалай қойылғанынан бастасақ. Жалпы, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион 1969 жылы салынған. Жиырма мың көрермен еркін сиятын стадион о баста «Октябрьдің 50 жылдығы» деп аталып келді. Тоқсаныншы жылдардың басында, әсіресе, сол кездегі қала билігінің басына Қуаныш Төлеметовтей ұлтжанды азаматтар топтаса бастаған тұста орталық стадионға Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімін беру мәселесі жиі көтеріле бастады. Шымкент қалалық атқару комитетінің төрағасы ретінде Қуаныш Төлеметов бұл ұсынысты қолдап қана қоймай, тезірек жүзеге асуына мүдделі болды. Бұл әйгілі балуанның туғанына 120 жыл толу мерейтойы қарсаңында жүзеге асты.

Ендігі жерде балуанға еңселі ескерткіш қою мәселесі тұрды.

Демеушілердің көмегімен жүзеге асатын бұл істе де ұлтжанды азаматтар табыла кетті. Игілікті істің басы-қасында сол уақытта Шымкент гидромелиоративті-құрылыс техникумын (қазіргі М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжі) басқарған Манап Өтебаев жүрді.

Ол тұста қазақтың зиялы қауымында біртұтас ұлттың мүддесі үшін күресе білу, қазақтың салт-санасын оятуда рушылдыққа, жершілдікке бұру деген болмаған сияқты. Содан да болу керек, стадионға Қажымұқан атын беруге ұсыныс жасағандарды қызу қуаттап, қолдап, атаудың ресми түрде берілуін өзі бақылап отырған Қуаныш Төлеметов, Қажымұқан ескерткішін салдыруға білек сыбана кіріскен Манап Өтебаевтай азаматтардың есімі әлі күнге мақтанышпен аталатыны.

Несін жасырамыз, соңғы уақытта әр ру өз ата-бабасына, батырына ескерткіш орнатудан жарысып та кеткен жағдайлар бар емес пе? Ұлтты ұйыстыратын тірлікке тер төккенге не жетсін-ай, шіркін?!

Жә, негізгі тақырыбымызға оралайық, оқырман.

Стадионның алдына еңселі ескерткіш салдыруға Манап Өтебаевтың ұйымдастыруымен қаржы да табыла кетті. Мүсін авторы Амангелді Тұрсынов. Әйгілі суретші Айнабек Оспанов жетекшілік еткен шығармашылық топ Қажымұқан Мұңайтпасұлының алып ескерткішін орнатуға құлшына кірісті. Осылайша игі іс 2001 жылы табысты аяқталып, стадион алдына қойылған Қажымұқан ескерткіші салтанатты түрде мамыр айында ашылды. Уақыт өте келе айналасында даңқты спортшылар аллеясы ұйымдастырылды.

Балуан баба шарапаты тиіп, 2008 жылы стадионға күрделі жөндеу жүргізілді.

Келесі, 2021 жылы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толады. Мерейлі датаны балуанның құрметіне лайық дәрежеде атап өту шараларына байланысты жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген азаматтар да жоқ емес.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi