Сәлем! маған осы сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау керек. Алдын ала рахмет! Театр – мәдениет ошағы. Ел өмірінің айнасына айналған театрларымыз күннен-күнге дамып келеді. Адам жанының емшісі болып жүрген театрымыздағы көрермендердің мәдениеті қай деңгейде?
Бүгінгі күні халықтың мәдениетті, мәдениеттінің қазақ болуы да қиындап бара жатыр. Алпыстар шамасындағы көрермендер ертеректе өнер ошағындағы мәдениеттің жоғары болғанын тамсана айтады.
Кешікеннен сіз сахнада не болып жатқанын түсінбей отырсыз. Енді сізде ұялы телефон шырылдап қалды. Сіз өзіңіздің телефонымызбен қасыңызда отырған адамдарды мазалап жібердіңіз. Сізге театр қызметшісі келіп телефоныңыздың дауысын өшіріңіз деп ескерту қойды. Сіз асығып телефоныңызды өшіріп, сөмкеңізге салып қойдыңыз. Ендігі жас балалар әзілдеп қолды орынсыз жерде шапалақтап қойды. Сіз оны қайталап қол шапалақтауды бастадыңыз... Қойылым біткеннен кейін сіз сыртқа асыңып шығып, байқаймай біреуді иықпен итердіңіз.