Сәлем,Ернұр! Бүгін саған өзімді толғандырып жүрген ойым — ауыл мен қала туралы жазбақпын. Мен ауылда тұрамын, сен қалада тұрасың. Бір қызығы — жазғы демалыста менің қалаға барғым келеді, ал сен ауылға асығасың. Неге олай? Осы сұраққа жауап іздейікші!
Мен қаладағы түрлі мәдени орындарға қызығамын. Қалада мүмкіндік көп. Қалаған жеріңе қоғамдық көлікпен не таксимен жетіп барасың.
Саябақтарда неше түрлі әткеншектер бар. Кинотеатрдан кино көресің. Үлкен-үлкен дүкендерді аралайсың. Қарбалас тіршілік. Үлкен зәулім үйлер мен ғимараттар қандай әдемі! Сондықтан қалада тұрғым келеді. Ал сен ше?
Жауабыңды күтемін.
Сәлеммен Әлібек.

Сәлем, Әлібек!
Иә, қалада тұрғың келетінін өткенде қиялыңдағы пәтер туралы жазған хатыңнан да байқағанмын. Қызық: сен қалада тұрғанды ұнатсаң, мен, керісін-ше, ауылда тұрғанды ұнатамын. Себебі ауылдың ауасы таза. Қаладағыдай түтін жоқ. Екіншіден, тыныш, қаладағыдай шулы емес. Құстардың ән салғанын тыңдаған қандай керемет! Үшіншіден, қаладағыдай кептеліс жоқ. Мектепке асықпай, жаяу барасың. Төртіншіден, адамдар бірін бірі таниды, бір-бірімен амандасып, хал-жағдай сұрасады. Қалада адам көп, бір-біріне қарамайды.
Бәрі үнемі бір жаққа асығып бара жатады. Бесіншіден, ауылда күнделікті сүт, айран ішесің. Бақшадан қалаған жемісті алып жейсің. Бәрі тегін, еш нәрсені сатып алмайсың. Шіркін, тезірек жазғы демалыс болса ғой! Ауылға қарай құстай ұшар едім
Ал сен қалаға қашан келесің? Қыдырып кел, күтемін.
Сәлеммен Ернұр.
4-тапсырма. Мәтіннен бес сын есімді тауып жаз. Бірнеше сөйлем құра.

янамурадян янамурадян    1   12.10.2020 22:30    12

Ответы
tarasbulba204 tarasbulba204  12.10.2020 23:01

Таза, тыныш, шулы, зәулім, мәдени

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi