Іс қағаздарын жазу барысында жиі кездесетін сөздер мен синтаксистік құрылымдарды пайдалана отырып, сөйлем құрату:
 1. Ескерту мәтін беру үшін қолданылатын құрылымдар:
 2. Конструкции для передачи текста предупреждения:
 - Ақпанның 20 – сы күні келісілген мерзімнің аяқталатынын есіңізге саламыз.
 - Мына мәселе барысында хабардар еткіміз келеді.
 - ... туралы ескертуді қажет деп санаймыз.
 - ... туралы тағы да есіңізге салғымыз келеді.
 - ... туралы келісім үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанынан күшіне енетіндігін ескертеміз.
 3. Айтылатын мәселеге байланысты дәлелдер келтіру, себебін түсіндіру үшін қолданылатын синтаксистік құрылымдар:
 - ... сіздің мекемеге тәжірибе алмасу мақсатында жіберіліп отыр.
 - ... мекемеде орын алып отырған қазіргі қаржы тапшылығына байланысты...
 - ... туралы шешімнің қабылдануына байланысты...
 - ... жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты...
 - ... алдын – ала қол жеткізген келісімге сәйкес.
 - Сіздің талабыңызға орай...
 - ... қарамастан әлі де орын алып отыр.
 - ... экономикалық жағдайдың қиындығына орай...
 4. Өтініш білдіру үшін қолданылған синтаксистік құрылымдар:
 - Менің мекен – жайыма жолдауыңызды сұраймын.
 - Аса қажет болғандықтан өтініп сұраймын.
 - Осы мәселенің дұрыс шешілуіне мұрындық болсаңыз...
 - Сіздің мекеме өкілімен жасалған келісімді ескере отырып, бар
 - мүмкіндікті қарасатыруыңызды сұраймыз.
 - ... анықтауыңызды сұраймыз.
 - ... көлемінде қаржылай көмек беруіңізді сұраймыз.
 5. Мәселенің шешілмейтіндігі немесе орындалмайтындығын білдіру үшін қолданылатын құрылымдар:
 - ... байланысты сіздің өтінішіңіз орындалмады.
 - ... Өкінішке орай сізге қажетті ақпаратты бере алмаймыз, себебі...
 - ... Мекеменің аталған тапсырманы орындауға қазір мүмкіншілігі жоқ.
 6. Өкілеттік (бұйрықтық) мағынадағы құрылымдар
 Конструкции в значении приказа (полномочии) :
 - Іске қосылсын.
 - Жарамсыз деп табылсын. (считать недействительным)
 - Жауапты адам тағайындалсын. (назначить ответственное лицо)
 - Бұл мәселеге байланысты жауапкершілік (аты–жөні) – оқытушыға жүктелсін. (ответственность по этому вопросу возложить на преподавателя (ФИО)
 - Мәселені қарау (аты –жөні) – оқытушыға тапсырылсын. (рассмотрение вопроса поручить преподавателю (ФИО)
 - Шара қолданылсын. (применить меры)
 - Қосымша мүмкіндіктер қарастырылсын.
 - ... жолға қойылсын.
 - Бақылауға алынсын.
 - Өзгерістер енгізілсін.
 - Жол берілмесін.
 7. Кейбір маңызды мәселелер жөнінде мәлімет беру үшін қолданылатын құрылымдар:
 Конструкции, используемые для передачи сообщении о некоторых важных вопросах:
 - Қатысты мәлімет қолма – қол жіберіледі. (соответствующие данные лично отправляются)
 - Құжаттар сіздің мекен – жайыңызға жіберіледі. (документы отправляются на ваш адрес)
 - Шара қолданылуда. (меры принимаются)
 - Мәліметтер құпия сақталады. (данные хранятся в тайне)
 - Орын алған кемшіліктер жойылды.
 - ... қосымша қаржы бөлінді.
 - ... байланысты іс – шаралар өткізу жоспарланып отыр.
 - қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
 - қысқа мерзімде ұйымдастырылады.
 - Күнделікті қатаң бақылау қойылады.
 8. Хабарлау, мәлімдеу мақсатында қолданылатын құрылымдар:
 Конструкции , применяемые в целях оповещения, сообщения:
 - ... туралы сізді хабардар етеміз. (оповещаем вас о...)
 - ... ұйым хабарлайды. (организация оповещает ...)
 - ... сізге хабарлаймын. (вас ставлю в известность ...)
 - ... туралы сізге мәлімет жеткіземін. (доставляю сообщение о ...)
 - ... туралы баяндаймын. (докладываю о )
 - ... туралы мәлімдеймін. (заявляю о ...)
 9. Қалыптасқан құрылымдар:
 - көмек көрсету.
 - тексеріс жүргізу.
 - тез арада хабарлаңыз.
 - қажетті жағдай жасаңыз.
 - ұсыныс қабылданды.
 - жөнелтуге дайындаңыз.
 - шешім қабылдаңыз
 - ақпарат беріңіз.
 - қоғамдық пікір.