Роман шынайы өмірден алынған. «Шығанақ» романы тарыдан мол өнім алу жөнінен бірнеше дүркін дүниеүзілік рекорд жасаған әйгілі диқан Шығанақ
Берсиев өмірінен алып жазылған. Романда өмірдің талай бел-белесін
басынан кешірген шығарманың бас кейіпкері Олжабек бейнесі өзінің типтік
сипатымен миллиондаған орта шаруаның жол айырықтағы әуре-сарсаңын
шыншылдықпен әйгілейді. Яғни, роман Шығанақ өмірі мен оның еңбегін
негізге алғанмен, Мустафиннің Шығанағы – өмірдегі тарышының өзі емес,
әдеби жиынтық бейнесі. Осы материалдар негізінде жазушы қазақ шаруалары
өмірін, табысты жолын көрсетуді және адам мен табиғат арасындағы өмірлік
тартысты жаңа жағдайда суреттеуді көздеген. Өімр бойы табиғаттан алуға
ұмтылған, бірақ жарымаған шаруа еңбегі жаңа дәуірде, өркендеу жағдайында
іске асқаны – романның басты тақырыбы
5 вопросов по тексту