Робот Робот – антро адам тәрізді) әрекеттер, қимылдар жасайтын машина. Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) қызметтері мен іс-әрекеттерін ішінара немесе толық атқарады. Алғашқы роботтар алдамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Олар ойын-сауық мақсаттарында пайдаланылады. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады. Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босататын автоматтық құрылғылар мен механизмдер түрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсірілуде. Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады.
Өнеркәсіптік роботтар - өндіріс үдерісінде адамның қозғалу және басқару сияқты іс-әрекеттерін (өндіріс заттарының орнын ауыстыру және т.б) және технологиялық құралдардың қызметтерін орындайтын автоматтық машина. Адамның қатысуынсыз бір немесе бірнеше технологиялық операцияны, өңделетін бұйымды тиеу мен түсіруді қоса алғанда автоматты түрде орындайтын технологиялық өңдеуші машиналардың, тасымалдау және көмекші жабдықтардың жиынтығын робот-техникалық кешен деп атайды. Робот-техникалық кешеннің, әдетте, компьютер немесе микроконтролер негізіндегі бағдарламалық басқару жүйесі болады.
Робот-техникалық кешен «адамсыз технологияны» енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бастапқы буыны болып табылады. Робот-техникалық кешенді пайдалану жұмыс күшінің тапшылығы жағдайында өте маңызды.
1.1Сөйлемдердің «шын, жалған» екенін белгілеңіз.
Тұжырымды сөйлемдер Ш/Ж
Өнеркәсіптік роботтар технологиялық құралдардың қызметтерін орындайтын автоматтық машина.
Өнеркәсіптік роботтар адамдарды ауыр жұмыстардан босата алмайды.
[1]
1.2 Мәтіннен мына сөздің синонимін табыңыз.
жұмыс - [1]
1. 3 Мәтіннен мына сөздің антонимін табыңыз.
жеңіл - [1]
1. 4 Берілген сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз (перифраза).
Робот-техникалық кешен «адамсыз технологияны» енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бастапқы буыны болып табылады.
«Адамсыз технологияны» [1]
1.5. Берілген сұраққа өз ойыңызды білдіріп, жауап беріңіз.
Өнеркәсіптік роботтардың адам үшін пайдасы неде