Әрине, басқа мамандықтарға менің ешқандай қарсылығым жоқ. Барлық мамандықтың өз орны бар. Барлық мамандар қажет. Мен 2009 жылы мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, ЕҰУ-ға «Халықаралық қатынастар» мамандығына грантқа түстім. Бұл мамандық гуманитарлық болып саналады. Ешқандай математика, физика пәндері бағдарламада(оқу программасында) болмады. Бірақ өзім мектеп кезінен математикаға жақын болатынмын. Студент болып жүргенімде оқушыларға репетитор болудан бастап, құрылыста(стройка) күзетші сияқты әртүрлі жұмыстар жасауға тура келді. Студенттік өмір оңай емес, ақша табу керек еді. Бір күні достарым маған: «сайт жасауға арналған бір оңай бағдарлама бар, соны үйреніп алсаң болады», – деп кеңес берді. Сол күннен бастап осы бағдарламаны үйренуге кірістім. Бірде достарымның бірі маған ұсыныс жасады. Өзі екі жерде жұмыс жасайды. Бір сайтын жасап үлгермей жатыр екен. Жасап берсем, 10 000 тг беремін деп уәде етті. Сол күні таңға дейін ұйықтамай, сайтын бітіріп бердім. Бұл программист ретінде менің тапқан алғашқы табысым болды. Қуанышымда шек болған жоқ! Әрі қарай одан да айлығы(зарплата) жоғары жұмыстарда істедім. Қазірде кішігірім өзімнің сайт жасайтын студиям бар. Мәтінге ат қой -
Автор неліктен "студенттік өмір оңай емес" дейді, сенің ойыңша оның қандай қиындықтары бар? -
Автордың "Қуанышымда шек болған жоқ" деп айтуына не себеп болды? -
Сенің ойыңша программист болудың қандай қиындықтары бар?Мысалмен дәлелде. -
Автор мамандық таңдауда қандай қателік жіберді? -

xxxromsavxxx xxxromsavxxx    1   25.12.2020 08:40    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi