Реферат про кудайбергена жубанова на казахском языке.

Natasha183038 Natasha183038    1   14.06.2019 03:40    5

Ответы
andbliev andbliev  02.10.2020 01:23
Жұбанов Құдайберген Қуанұлы(19.12.1899, Ақтөбе облысы, Темір ауданы – 25.2. 1938) – тіл білімі саласындағы алғашқы қазақпрофессоры (1932), түркітанушы,педагог [1].

Алғашқыда Оспан ишанның мешітінен дәріс алып, араб тілін үйренеді. 1918 жылы Електегі екі кластық орыс-қазақ училищесін бітірген. Темір-Орқаш болысының әуелі хатшысы, кейін төрағасы болады. 1920 жылы Орынборқаласындағы “Хусайния” медресесін бітіреді. Араб, парсы, орыс, латын,түрік, жапон, француз, ағылшын,неміс тілдерін меңгереді. 1920 жылы “Ай” атты журнал ұйымдастырып, оның бетінде М.Горькийдің “Сұңқар туралы жыр”, “Дауылпаз туралы жыр”, “Хан мен ұлы”, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударып жариялаған. Ақындық, жазушылық өнерімен де танылып, өлең, пьеса, т.б. жазған. Мысалы, “Мақпал – Сегіз” дастанының желісі бойынша Жұбанов Тілепбергеновпен бірігіп жазған пьесасы Ақтөбедегі кеңес-партия мектебінің, педагог техникум оқушыларының қатысуымен сахнаға шығарылып, қала жұртшылығына көрсетіледі. “Ай” деген өлеңі жоғарыда аталған журналдың беташары ретінде жарияланды. Көпшілік көкейіне тез қонатын сықақ, фельетондары сахнада, сауық кештерінде айтылып жүрсе, кейбіреулері “Еңбекші қазақта” жарияланған. 1925 жылы Жұбановтың режиссерлігімен Ақтөбе қаласында М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек” пьесасы қойылады.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi