Ребята Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1-мәтін
Қазақта «Ас – адамның арқауы» деген мақал бар. Бұл мақал «адам ас ішіп қана дұрыс өмір сүреді» дегенді білдіреді. Сонымен қатар «Ас тұрған жерде дерт тұрмас» деген де аталы сөз бар. Адам қанша ауырса да, ас ішіп жүрсе, денсаулығы тез қалпына келеді.
Тамақ ішу – қажеттілік. Тамақ денсаулық үшін аса пайдалы. Тамақта адамға керек дәрумен, минерал, май бар. Тамақ әртүрлі дәруменге бай. Жеміс-жидекте дәрумен көп.
Анам пайдалы әрі жеңіл тамақты ас мәзіріне қосады. Мен етті, балықты, әртүрлі салатты жақсы көремін.
2-мәтін
Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен.
- Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, - деп зарлауын қоймапты.
Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді.
- Саған не болды сонша жылап? Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді.
- Мен баймын ба? – деп жігіт таң қалады. – Ол қандай байлық?
- Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға сатар едің? – деп сұрайды қарт.
- Оның не?! – деп шошып кетеді жігіт, - көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын.
- Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің?
- Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, - дейді жігіт.
- Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың. Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.
Мәтіндер Тақырыбы Мәтіндегі негізгі ақпарат Мақсаты Мазмұны Аудиториясы Мазмұны
1-мәтін
2-мәтін