Әрбір ұлттың, халықтың өз отанына деген қатынасы ерекше және өзіндік, құрметі өте зор. Туған елдің мәдениеті, тарихы, тұрмысы, салты, тілі – мұның барлығы халықтың рухани баға жетпес құндылығы, түп қазығы, айбыны болып табылады. «Отан», «Туған жер» дегеніміз неткен терең мағыналы ұғымдар. Олар адамға қуат, жақсы әсер беріп, намыс пен мақтаныш, сүйіспеншілік деген шынайы сезімдерін оятады. «Жарық дүниеде туған Отаныңнан сүйкімді не бар?» деп танымал неміс жазушысы Ф. Шиллер айтқандай, Отан расында да әр адам үшін ерекше. Менің Қазақстаным – ең сүйікті мекенім, «алтын бесігім». Бүгінгі күнде мықты, асқақ беделді мемлекет болып, дүние жүзіне танымал болды. Батыстағы Каспийден Алтай тауларына дейін созылып жатқан қасиетті өлке. «Қазақстан», «Отаным» дегенде көз алдыма биікке желбіреген ашық көгілдір жалаудың бейнесі, шалқыған көк жайлау, қалықтап ұшқан қыран құс, қанатты тұлпарлар, кең байтақ қазақ даласы, түтіні бұрқыраған ауыл елестеп, айдын көлдегі аққудың даусы, киелі домбыраның үні естіледі. Мен өз Отанымды сүйемін! Оқылым алды тапсырма

Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырып жазыңыз:

Құрмет, баға жетпес, сүйіспеншілік, намыс, айбын, көк жайлау, киелі домбыра, алтын бесік

Оқылым тапсырмасы 

Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз

Мәтінді бөлімдерге бөліп, тақырып қойыңыз

Мәтін бойынша өз қорытындыңызды 3 сөйлеммен жазыңыз

1

2

3

Оқылым тапсырмасы

Берілген графикалық органайзерге мәтінде айтылған ойға қатысты өз көзқарасыңызды жазыңыз. 

   

                     

                       

Тыңдалым мәтіні

Туған жерім – Қазақстан

Халқымызда «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Ал менің киелі туған жерім, қасиетті Отаным – Қазақстан. Ол Еуразия құрлығында орналасқан. Қазақстан даласы – кең-байтақ. Жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орын алады. Қазақстан жері қымбат түсті металдарға, саналуан өсімдіктер мен жануарларға өте бай. Сондықтан оны «қойнауы алтын жазира дала» деп атауға болады. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны. Табиғаты да әсем. Тіпті, Алатау, Алтай, Көкшетаудың сұлулығына таңқалып ақындар жырын арнаған.    

Тарихы көнеден басталатын Қазақстан өзінің тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Еліміздің тәуелсіздігі үшін көп адамдар үлес қосқан. Ол адамдарды біз батырлар, қаһармандар, көшбасшылар деп еске алып, ешқашан ұмытпаймыз. Сол егеміндігін алған күннен бері Қазақстан күн сайын дамып, өркендеуде. «Мәңгілік ел» сияқты барша қазақстандықтарға ортақ мақсатымыз, рәміздеріміз, әнұранымыз, Елбасымыз бар. Төл волютамыз – теңге. Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Еліміздің төрінде жарқырай жайнап бас қала Астанамыз тұр. Мен өз Отанымды сүйемін! 

Тыңдалым тапсырмалары

    А) Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.

1.« – ормансыз бұлбұл».

2. Қазақстан - , жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орын алады.

3. Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда алды.

4. Қазақстан жері өте бай, сондықтан оны деп атауға болады.

5.Тәуелсіздік алған күннен бері Қазақстан дамуда, біздің бар.

Ә)Мәтіннің негізгі ойын 1 сөйлеммен жазыңыз.

 

уфагаполмилио уфагаполмилио    3   10.02.2021 09:34    0

Ответы
Milanami1 Milanami1  12.03.2021 09:35

Объяснение:

Әрбір адам дүниеге келген соң оның туған өлкесі, отбасы секілді құндылықтар жатады. Мысалы үлкендерге деген құрмет. Біз үлкендерге құрмет деген сөзді автобуста отырып үлкен кісіге өз орнымызжы беру леп түсінсек онда қатты кетелескеніміз. Себебі үлкендерге құрмет ол оларға жылы сөйлеу, олардың қызықты әңгімелерін тыңдау және оларға көмек көрсетуден еш тайынбау секілді жағдайдарда жатады. Келесі бір құндылық біздің туған өлкеміз. Тұған жер дегенде барлығымыздың көз-алдымызға жайлау, домбыра, бесік, жылқы елестейді. Бірақ туған өлке алыста жүрсең сағынатын, жақын жүрсең жылулығын сезінетін мекен. Мейлі ол шөлді дала болса да. Адамдар үшін өз өмірінде өте аз құндылықтар бар. Сол құндылықтардан айырылмасақ одан асқан қуаныш бар ма?

3-сөйлем

1) Әрбір адамда өзінің туған жеріне деген мазабаты болады.

2) Егер өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілік, жанашылық болмаса, онда ол ел іргелі ел бола алмас еді.

3) Біз қанша өзге елде тұрып жақсы өмір сүріп жатсақ та, өз туған еліміздей жылулықты ешқашан сезіне алмаймыз.

Тыңдалым мәтіні

А)

1) Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

2) Қазақстан- Республикасы. Әлем бойынша жер көлемі тоғызыншы орынды алады.

3) Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.

4. Қазақстан жері өте бай, сондықтан оны пайдалы қазбалары бойынша көшбасшы мемлекет деп атауға да болады.

5.Тәуелсіздік алған күннен бері Қазақстан дамуда, біздің ауызбіршілігіміз елдің әлемдегі дамушы елдер қатарына ілігуімізге дәлел.

Ә) Мәтінде негізінен туған елге деген сүйіспеншілік одан асыл еш нәрсе жоқ екені жайлы айтылады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi