Расул Ғамзатовтың өмірімен танысып, аңа тілі өлеңді мәнерлеп оқып, түсінгеніңізді қарасөзбен 5-6 сөйлеммен
жазып беріңіздер
Ана тілі Адам деген не көрмейді түсінде, Жатыр екем бүгін қабір ішінде. Дағыстанның кең аңғары күн ыстық, Көкірегімде орнаған бір тыныштық. Асау өзен арқырайды жарды ұрып, Жұрт тараған жалғыз мені қалдырып. Мен жатырмын үнсіз туған жерімде, Жер болады балғын тәнім менің де. Мен жатырмын қара жерге табына, Жоламайды келмейді ешкім маңыма. Тек қырандар шаңқылдайды шың жақта, Бұғылар кеп ыңырсыйды бір жақта. Кетті ғой, деп қыршын ғана жасында, Жыламайды ешкім молам басында. Жарым қайда, досым қайда кешегі, Анам қалай жатқанымды білмеді. Бар адамнан жатырмын тек бөлек мен, Бір дауысты естіп қалдым кенеттен. Естідім мен осы арадан үнін де, Екі кісі сөйлесті авар тілінде. Мен жатырмын қара жерде көз жұмып, Мына екеуі күбірлейді сөз қылып. Ғасан деген бір кісінің қулығын, Әли деген бір кісінің сұмдығын. Естідім де сөзін ана тілімнің, Бойым жылып лезде мен тірілдім. Балгер де емес, дәрігер де емес, емдейтін, Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін. Өзге бір тіл емдер басқаларыңды, Мен онымен айта алмаймын әнімді. Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өтуге де бүгін ақ.
Келу қайнары:The 6alash.kz webpage. Address:https://www.6alash.kz/kz/article/rasul-gamzatov-ana-tili.html#gsc.tab=0
Автор әр адамның ана тілі қаншалықты қымбат, жақын екенің көрсетеді. Тек ана тілі ғана адамды әр нәрсеге үйретеді, тәрбиелейді. Өзіміздің ана тіліміз арқылы біз өзімізге жылу аламыз. Өз ана тілің арқылы сен жақсы сөздерді де, әсер ететін сөздерді де ұға аласын, ана тілі саған қараңғы жерден жарық шашқандай болады. Туған тіл ұмытылмау керек. Егер халықтың ана тілі ұмытылса, ұлт та, олардың дәстүрлері де, тарихы да мәңгілікке жойылып, бірге ұмытылады.