Құрабақа туралы сипаттама ​

tecakrus88 tecakrus88    3   22.09.2020 21:30    1

Ответы
sashaageev04 sashaageev04  22.10.2020 21:31

Құрбақа (лат. Bufonidae) – құйрықсыз қосмекенділер отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған (тек Антарктидада кездеспейді). 21 туысы, 300-дей түрі белгілі. Бұлардың көзінің арт жағында құлақ маңы безі жақсы дамыған, үстіңгі жақ сүйегінде тіс болмайды. Артқы аяғындағы саусақтарының ұшы жартылай жарғақпен байланысқан.

Кәдімгі құрбақаның терісі бұдырлы, мүйізді болатындықтан құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Кәдімгі Қүрбақаның денесінің ұзындығы 20 см, орманды-далалы аймақтарды мекендейді. Жасыл құрбақаның денесінің ұзындығы 14 см-дей, орманды-далалы алқаптарда, биік тауларда да (4500 м-ге дейін) және шөлді жерлерде тіршілік етеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi