Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрлері болады. Салт-дәстүр халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін, ерекшеліктерін көрсетеді. Қазақ - салт-дәстүрге бай халық. Қазақ халқына бауырмалдық, адамгершілік, қонақжайлылық, мейірімділік сияқты қасиеттер тән. Қазақ отбасындағы ең үлкен қуаныш – нәрестенің дүниеге келуі. Әсіресе, қазақ халқы ұл баланың өмірге келуін ерекше күткен. Себебі, қазақтар өздерінің ұрпағын ер балалардан таратады. Баланың шілдехана, бесік тойы, тұсаукесер, сүндет тойын барлық ауыл-аймақ, туған-туыс болып тойлаған. Қазақ халқының ең бір қадірлі салты – үлкенді сыйлау. Барлық қазақ отбасында ата- анасына, үлкендерге ерекше құрмет көрсеткен. Олардың ұрпақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған.
Қазіргі кезде ата-аналар мен балаларының арасындағы қарым-қатынастары еліміздің Ата заңымен қорғалады. Ата-ана балаларының тәрбиесіне жауапты болады. Балалар да ата- аналары қартайғанда, қамқорлық жасауға міндетті.

1. Мәтінде қазақ халқы не үшін ерекше шаттанған?

A. бауырмалдық үшін
B. қонақжайлық үшін
C. ұрпақ жалғастығы үшін
D. нәрестенің дүниеге келгені үшін

2. Қазақ халқының ең бір қадірлі дәстүрін көрсетіңіз.
A. кішіге ізет
B. үлкенді сыйлау
C. қыз балаға құрмет
D. мәдениетін құрметтеу

3. Берілген сөздерді жұптастырыңыз.

1. қазақ а. қуаныш
2. туған ә. халқы
3. үлкен б. туыс
4. ерекше в. құрмет

4. Ата-анаға кімдер қамқор болу керек? [1]
А) балалар
В) оқушылар
С) мұғалімдер
D) тәрбиешілер
5. Артық сөзді тап. [ 1]
А) бесік той
В) оқушылар
С) шілдехана
D) тұсаукесер

(112 сөз)
[1]

[1]

[1]

Жазылым

1. Өзіңіздің мектебіңізді, оның бөлмелерін, жабдықталуын сипаттап эссе жазыңыз. Эссе мазмұнында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, үндестік заңының сәйкес жазыңыз. (60-70 сөз). (в эссе должны быть: повествовательные, вопросительные , восклицательные предложения) 2. "Қызыл кітапқа" енген бір жануар туралы сипаттап/ описывая эссе жазыңыз. (60-70 сөз). (в эссе должны быть: повествовательные, вопросительные , восклицательные предложения)

maksategemberdi maksategemberdi    1   28.10.2020 08:55    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi