Әр халықтың маңдайына біткен жарық жұлдыздай жайсаң ерлері бар. Олар – ел мақтанышына айналған көрнекті қайраткерлер, ғұлама ғалымдар, заңғар ақын-жазушылар, туған жерін жау дан қорғаған батырлар, еңбек майталмандары, өнер мен спорт саңлақтары. Сондай мақтан ететін тұлғаларымыздың бірі – халқымыздың ұлы перзенті Қажымұқан балуан. Қажымұқан – дүниежүзілік спорт аренасына шығып, шетелдер дегі жарыстарда атақ-даңққа ие болған тұңғыш қазақ. Ол Париж де, Лондонда, Варшавада, Берлин де, Будапеште, әлем нің басқа да көптеген қалаларында күресті. Амери- ка да болды. Таяу және Орта Шығыс елдерін арала- ды. Спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Қазақ үкіметі оған «Қазақ даласының батыры» атағын бер- ді. Ұлтжанды батыр ел басына күн туған Ұлы Отан соғысының отты жылдарын да белін бекем буып, ел аралап өнер көрсетіп, одан жинаған қаржыға ұшақ жасатып, майданға жіберді. Сөйтіп, ұлы жеңіске өз үлесін қосты. Қажымұқан – ұлттық тарихымызда ғана емес, әлемдік спорт тарихында сирек ұшыраса- тын, тумысы бөлек ғажап құбылыс. Ол туралы жазу- шы Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» атты хикаят жазды. «Қазақ фильм» киностудиясы «Қажы- мұқан» атты деректі фильм, көркем фильм түсірді. (Ғазизбек Тәшімбаев) Қазақ даласының батыры мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңдар

LolKek006 LolKek006    3   12.02.2021 15:49    2

Ответы
Аля3338 Аля3338  12.02.2021 15:50

Қажмұқан біздің елдің палуаны.Қажмұқан бізді тәуелсіздікке әкелген қоғам қайраткері.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi