Психолог-блогер Динара БолатТәуелсіздік алғаннан кейін туған жастардың бүгінгі мүмкіндіктеріне қатысты әлеуметтік желілерде саяхат-танымдық бағыттағы белгілі блогер Динара Болат – Алматы мен Астана, Шымкент, Ақтау сияқты урбанизациясы зор қала жастарында заманауи білім алуға мүмкіндік көп. Аймақтағы жастардың аталмыш қалаларға ұмтылу себебі де осы болуы мүмкін. Салыстырмалы түрде он жыл бұрынғы жағдайда экономикалық дағдарыстан шығудың әлегімен оқуға түскенде грант үшін ғана ұмтылатынбыз, мүмкіндіктер аз-тұғын. Ал бүгінгі жастардың білім-өнерге ұмтылысы зор, таңдау мол, – дейді.
Психолог-психоаналитик сарапшы Сая БакимоваАл психолог-психоаналитик Сая Бакимова 2010-2019 ж.ж. аралығында жетілген жастардың түсінігіндегі құндылықтардың қайта қаралуы жайлы:
– Қай заманда да топтық психологиялық динамика бірдей жағдайда өтеді. Бірақ жасөспірімдіктен ересек тобына өтіп, балалық кездегі құндылықты ересек адамның құндылығына айналдыру үшін осы өткел берік болуы керек. Мен қит етсе, жастарды баяғыдай емес деп негатив мағынада ғана айта беруге қарсымын. Иә, жастар баяғылардай емес, себебі – заман өзгерді, басқа. Бары сол ғана, – деп жастардың күрделі сана синтезі процесінде екенін айтады.
Белгілі журналист Дархан ӘбдікБұл мәселе айналасында алуан ой айтуға болады. Бірақ белгілі журналист Дархан Әбдік:
– Бұрынғы қазақ ғажап-керемет еді, қазіргі жастар азып барады дегенге сенбеймін. Тіпті, керісінше артық! Себебі бүгінгі жастарда ақпарат мүмкіндіктері бар, олар әлемдегі үдерістерден хабардар. Біздің және бізге дейінгі ұрпақ кеңестік тұста әлемде не боп жатқанын білмей өсті, дүниетаным өтіріктер негізінде қалыптасты, – десе, жастардың әлеуеті туралы әрі қателіктен сақтандыру мақсатында: – Қазіргі жастарға қалған бір-ақ нәрсе – өздерінің хақын өздерінің билігінен талап етуді үйрену. Тарихи тұлғалардан жалған аңыз-пікірге табынуды, қолдан пұт жасауды қою қажет. Маған, қазақ жастары жалған идеологиямен қалыптасқан өзіме дейінгілер мен қатарластарыма қарағанда көбірек ұнайды, – дейді.
Детальді Қосымша және негізгі ақпаратты аныктау