Прочитайте текст: Отбасы қуанышы – жақсылық бастауы Бейсенбай ақсақал көптен бері ауырып, төсек тартып жатып қалған. Түске таман зайыбының қолынан бал татыған қымыз ішіп, маңдайы жіпсіп, көңілденіп сала берген. Сосын аулада ойнап жүрген төрт ұлдан тараған немерелерін қасына шақырып алды. – Ассалаумағалейкум, ата! – Уағалейкумассалам, балдарым! Үлкен азамат болыңдар! Немерелері атасының қасына жағалай отыра кетті. Сыртта жүрген 14-15 жастағы екі немересін де шақырып, әңгімелесті, біраз отбасылық құндылықтарға тоқталды. Күміс сапты екі қамшысын екі немересіне сыйға тартты. – Балаларым, менің батырларым, сендер – текті әулеттің ұрпағысыңдар. Ел қорғаны болыңдар, ар-намысты бәрінен жоғары қойыңдар, ағайынмен тату болыңдар, әрдайым үйдің берекесін сақтаңдар! – деді. Осы кезде сырттан сүйкімді, қағілез немересі Айша жүгіріп келіп: – Алақай, ата, сүйінші! Айбике жеңгем босанды!-деді. – Қалағаныңды ал, балам, бөбектің бауы берік болсын! –деп қуанғаннан орнынан атып тұрды. Қуанышты хабарды ести сала, ауыл ақсақалдары Бисенбай атаның үйіне лезде жиналды. Сәбиге азан шақырып, ат қойып, үлкендер бата берісті. – Е-е-е, бүгін оң көзімнің тартқаны бекер болмапты. Қуанышты хабар деген осы да. – Сәби ғұмырлы болсын! – Періштелер қорғасын! – Маңдайы жарқыраған намысты ұл болсын! – деп келген адамдар ізгі тілектерін жаудырып жатты. Осылай қуанышты бөліскен қариялар дәм татып әңгіме-дүкен құрып болған соң, қайтуға жинала бастады. – Сау болыңдар! – Көріскенше күн жақсы болсын! Еліміз аман болсын! Осы отбасындағы қуаныштан соң, Бисенбай ақсақал ауруынан айығып кетті. Көпшіліктің тілегі кеудесіне қуаныш сыйлап, күш-қуат бергендей еді. Выполните задание:


Прочитайте текст: Отбасы қуанышы – жақсылық бастауы Бейсенбай ақсақал көптен бері ауырып, төсек тарт

анжелаКоТ1 анжелаКоТ1    1   10.09.2020 00:57    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi