Прочитайте текст и получите, информации, связанной с видами безработицы. Жұмыссыздық – экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің еңбек нарығында қажет болмауынан туындайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс; адамдар жұмыс істеуге қабілетті және жұмыс істегілері келетін, бірақ жұмыс табылмайтын ахуал.
Жалпы «жұмыссыз» деп, статистикалық тексеру кезінде жұмыссыз болып, бірақ жұмыс іздеу үстінде және жұмысқа кіруге дайын адамдарды айтады. Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оны тудыратын әртүрлі нысандардың нақты факторларын қарастырады. Жұмыссыздықтың мынадай нысандары болады: жасырын функционалдық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, институционалды, ерікті, жасырын.
Жасырын жұмыссыздық – өндірісте және мемлекеттік ақпаратта жұмыссыз ретінде жалған тіркелу. Жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыссыз ретінде тіркеліп, әдетте, жәрдемақы алу құқығымен пайда көретін жұмыссыздардың жалпы саны.
Институционды жұмыссыздық еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұранысқа ықпал ететін факторлардан туындайды.
Ерікті жұмыссыздыққа әр себеппен, өз еркімен жұмыс істегісі келмейтін адамдар жатады.
Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы: бұл кейбір өндіріс саласында кездеседі, әсіресе, қайта өңдеу өнеркәсібінде т.б.
Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі,біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.
Ресми жұмыссыздық – маусымдық ауытқуларға тәуелсіз, мемлекеттік органдарда тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс..

ivac6136 ivac6136    1   10.12.2020 21:10    23

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi