1991 жылы Қазақ елі тәуелсіздік алды. Ресейдің отарында 300 жыл болып, біз еркіндікті ансадық. Қазір біз 16 желтоқсан күні тәуелсіздікті атап өтеміз. Біздің өз ұлттық рәміздеріміз пайда болды. Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Тәуелсіздік Қазақ еліне де, Кенес Одағының ыдырауына да үлкен әсер тигізді. Сонымен, өз ойымды қорытындылай келсем, біз тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басымыздан өткіздік, енді осы тәуелсіздігімізді қадірлеп қастерлеп, халқымыздың әл ауқатын жақсартуға, экономикасын ары қарай көтеруге, мемлекетіміздің гүлдеп жайнауына, демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында аянбай еңбек етуіміз қажет.