Придумайте 5 вопросов по тексту Текст:Сақ патшайымы- Тұмардың (ж.ж.с.д.570-520)есімі ежелгі жазбаларда «Томирис»деп көрсетілген.Тұмар –массагеттердің патшайымы,скиф халқының көсемі-Скифтердің патшасы- Мадийдің шөбересі,массагеттердің патшасы-Сыпырдың қызы.Патшайымның анасы Томиристің сәби шағында қайтыс болады.Кішкентай қызды әкесі тәрбиелейді.
Томирис бала кезінен әскери іс-қимыл мен қару-жарақ пайдаланатын ортада өскен.Әкесімен бірге жаулардан бірнеше рет қашып құтылған.Ал бес жасынан бастап асау атқа мініп жүрген.Алты жасында қолына ақинақ –қысқа семсер ұстап,соғыс өнеріне жаттыға бастаған.
Парсылардың Кир патшасын жеңген соң Томиристің аты тарихта қалған.Кир патша шығыстағы массагеттерді жаулап алуды көздеген.
Алдымен,Кир көшпенділер еліне аттандырады.олардың патшайымы –Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды.Осылайша Кир массагеттермен соғысуға сылтау іздейді.Тұмар Кир патшаның ұсынысын қабылдамайды.Осыны сылтау еткен Кир жауынгерлерін шығысқа қарай аттандырады.Аракс дариясына жетіп,үстінен қалқыма көпірлерді құруға,кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуға әмір етеді.

Ksenia2004bi Ksenia2004bi    3   23.11.2020 11:54    2

Ответы
daha505daha505 daha505daha505  23.12.2020 11:55
1.Сақ патшайымының есімі?(Тұмар,Томирис)
2.Патшайымды кім тәрбиелейді?(әкесі)
3.Неше жасынан бастап асау атқа мінген?(5)
4.Томиристің аты тарихты қалай қалды?(Парсылардың Кир патшасын жеңген)
5.Кир Тұмарға қандай ұсыныс жасайды?(өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды)
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi