Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сыр-Алты Алаштың Анасы» деп текке айтпағандығын тарихтың көне қатпары дәлелдей түседі. Соңғы жылдары сыр өңірінен ел шежіресі туралы тың хабарлар жиі-жиі шығып жатады. Мәселен, Қарт Қаратудың сілемдері облысымыздың Шиелі ауданының територриясынан аяқталады. Тау бөктеріндегі Еңбекші аулынан шыққан жол дарбаза арқылы Теріскейге беттейді. Тау ішіне кіріңкіреген соң, алдыңызда Сауысқандық шатқалы созыла түсіп жатады. Міне, осы жерде көптеген құндылықтарға кезігесіз. Ондағы жер асты байлықтарын сөз ету өзге мақаланың өзегі, ал біздің бүгінгі айтарымыз, Қаратаудың қатпар тастары мен шатқалдарын араласаңыз, жартастар беттеріне қашалып жазылған түрлі иірімді жазуларға, ойып салынған адамдар мен жануарлар тұрпатты суреттерді көресіз. Көресіз де қайран қаласыз, мұнда бір ғана ғасырдың ғана емес, жүздеген жылдардың ізі, таңбасы жатқанын сезгендей боласыз. Тасқа қашалған бедерлерді ғалымдар; петроглифтер деп атайтын көрінеді. «Осыдан үш, төрт мың жыл бұрынғы өрнектер», дейді, осы саланы ұйқысыз зертеп жүрген азаматтар сенімді түрде. «Аталмыш орынның петроглифтерінің барлығы әртүрлі сюжеттермен композицияларға біріккен, сан алуан тұрмыстық діни таным, мифологиялық ой-өрістермен тікелей байланысты. Қаратау петроглифтерінің мерзімдік ерекшеліктері ежелгі қола дәуірінен бастап, ортағасырлық қазіргі этнографиялық кезеңдерге дейін созылып жатыр. Демек, қола дәуірі – Еуразия кеңістігін қоныстаған сан алуан халықтардың бейнелеу шығармашылығындағы, әсіресе, жартасқа сурет салу өнерінің шарықтау шегіне жеткен кезеңі болып табылады», деген олардың байламы әлі де талай зерттеу мен зерделеуді қажет етері түсінікті.
Жоғарыда берілген мәтінмен танысып шығыңдар және
осы мәтінге аннотация жазыңдар.

danilpov danilpov    2   11.10.2020 09:56    4

Ответы
Отлицница23 Отлицница23  10.11.2020 09:56

:ококововаоаооаао

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi