Постер құрау. Су және оның пайдасын тізбектей отырып, постер құраңыз. Вода и ее польза за полнить кластер
Сусыз өмір жоқ
Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес. Жер шарының ¾ бөлігін су алып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, адам ағзасының 70 – 80 пайызы, ал өсімдіктердің 90 пайызы судан тұрады. Адам ағзасы бір тәулікте шамамен 1,5 – 2 литр су жоғалтады. Сондықтан адам күніне 2 литр су ішіп отыруы қажет. Дүние жүзіндегі 1 млрд адам ішуге жарамды суға зәру. Жыл сайын 3 млрд – тан астам адам сапасыз судың кесірінен пайда болатын дерттерден зардап шегеді. Бүгінде су тапшылығы – тек орталық азиялық елдердің ғана емес, бүкіл әлемнің бас ауруына айналған мәселе. Ауыз су – кез – келген тірі жан үшін ең қымбат және қалпына келтіре алмайтын табиға қор. Бүгінде ауыз су тапшылығы Үндістан мен Африка көп елдеріндегі басты мәселелердің бірі.
Мәтінді тыңдай отыра, ақпаратты толықтырыңыз. Сан есімдерге сұрақ қойыңыз. Задайте вопрос числительным.
1,5 – 2 литр
70 – 80 пайыз
¾ бөлігін
литр
«Аяқталмаған сөйлем»
Дополните прндложения
Жер шарының бөлігін алып жатыр. Адам ағзасының пайызы судан тұрады. Адам ағзасы бір тәулікте шамамен литр су жоғалтады. Сондықтан адам күніне литр су ішіп отыруы қажет.