ПОСТАВЛЮ 40 ВЫСВЕТИТЬСЯ озы Көрпеш пен Баян сұлудың хикаясы...
Бұл жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады. Атастырылып қойған Қозы мен Баян, жүздерін көрмегенімен бір-біріне ғашық болады. Уақыт өте келе сараң Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар, айласын асырып, зұлымдықпен Қозының басын алады. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян, өш алу үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды. Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды... Мұны тек жыр деп жай жаба салсақ та болар еді. Бірақ Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында, Аягөз өзенінің бойында орналасқан Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу мазары қос ғашықтың адал махаббатының дәлелі іспеттес күні бүгінге дейін сақталып келе жатқанын тілге тиек еткен жөн. Керемет хикая екені рас. Сол себепті де 15 сәуірді «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні» деп бекер атамаған болу керек.

1-тапсырма. Жазылым. Письмо. ответь на вопросы, ответы напиши рядом
1. Махаббаттың түсі?
2. Махаббат жүзігі қалай аталады?
3. Махаббаттың символы?
4. Махаббат қаласы?
5. Махаббат кемесі?
6. Махаббат ертегісі?
7. Махаббат гүлі?
8. Махаббат құсы?
9. Махаббат күні
10. Махаббатты жеткізе білу құралы

Alihan184 Alihan184    3   11.02.2021 07:34    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi