помгите это все Анықтама бұрышы
Сұрақ
Ашық
сұрақ- толық
жауап
беретін
күрделі сұрақ
Жабық сұрақ -
қысқа жауап
беретін
қарапайым сұрақ
Проблемалық сұрақ - алдын ала
жауабы болмайтын, өздігінен
ізденетін сұрақ түрі
Проблемалық сұрақтың үлгісі
Егер... не болады?
Атаңыз;
Қаншасы белгілі;
Мысал келтіріңіз;
Әлді және әлсіз тұстары қандай?
Неден тұрады?
Несімен ұқсайды?
Қалай пайдалануға болады?
1-тапсырма
https://youtu.be/zFLbR39vBP8
Бейне материалмен танысу
2-тапсырма
Дүлей күш, боран, қыс мезгілі, ауа
райына қатысты болжамдар
https://youtu.be/zFLbR39vBP8
сөздер мен сөз тіркестерін қолданып,
(жоғарыда көрсетілген проблемалық
сұрақ үлгілерін пайдалану) 4
проблемалық сұрақ құрастыр
Сабақтың
соңы
Кері
байланыс.
Орындаған тапсырмаларын жібереді.
Қосымша ақпарат
Ақ жорға
Қыстың қаталдығын көрсететін табиғи дүлей күштің бірі – боран. Қарды
бұрқыратып, ұйытқып соғатын күшті жел ретінде танылатын боранды
қазақ халқы оның дүлей күшіне қарай, ашуына қарай, бағытына қарай,
уақытына қарай, ұзақтығына қарай түрліше атайды. Тіліміздегі боранның
түрлерін жинақтай келгенде, боранның түрлі мінезді болатынын
аңғардық.
Ақ боран – көз ашқысыз, желдете жауған қарлы боран.
Ақ түтек боран – алай-түлей түтеген боран.
Ақ шұнақ боран – бір мезгіл соғатын шыңылтыр аяздағы қарлы боран.
Аққұйрық боран – құрғақ аязды күні қарды ирелеңдете, бұралаңдата
соғатын боран.
Ақ жорға – қысқы аязда жоннан ойға қарай соғатын, қарлы бұрқасын,
боран.
Алай-түлей түтеген боран – ұйытқыған немесе бората соққан қатты
жел.
Алақаншық боран – бір бәсеңдеп, бір ұйытқып соққан боран.
Дауыл боран – осқырған жел.
Долы боран – екіленіп соғатын боран.
Жаяу боран – жаңа түскен үлпек қарды жер бетінен не қатқан қар үстінен
үрген еспе боран.
Жөпшеңді боран – кәдімгі боран.
Қара боран – түтеген шаңды аспанға көтеретін боран.
Құм боран – құмды, топырақты суырып, ұйытқи соғатын боран.
Майлы боран – қойны-қонышқа кеулеп соғатын қарлы боран.
Сұрапыл боран – қаруы қатты боран.
Сырғыма боран – қарды үрлеп жер бауырлай соғатын боран.
Тас боран – суырып соққан күші қатты боран.
Тентек боран – бір күшейіп, бір басылып соғатын боран.
Түтек боран – алай-түлей боран.
Ұйтқыма боран – ұйытқи соққан қарлы боран.
Үскірік боран – құрғақ, суық боран.
Ызғырық боран – өңменнен өтер ызғарлы боран.
и ЕЩЕ
Берілген мәтінді түсініп оқып, боран туралы
ақпараттарды сызбаға түсіріңдер.
Боран — күшті желдің (жылд. 15 м/с-тан астам)
әсерінен топырақтың, құмның , қиыршықтастың,
қардың ұйтқып соғуы. Боран соққан кезде
айнала түтеп, ештеңе көрінбей
кетеді. Шаруашылыққа орасан зор зиянын
тигізеді. Қарлы Боранның Қазақстанда
Арқаның ақ бораны», «ақтүтек», құмды өңірлерде
Мойынқұм бораны деп,
тауаралық аңғарлар мен жазықтықтағы Боранды
Ебі Бораны, Сөгеті Бораны деп атайды.
Қазақ атауларында жаяу борасын, суырынды
борасын, ақ боран деп те атай береді.
Боран — қатты жел соққандағы және ауа
температурасы төмен болған кездегі бұрқасын.
Термин, негізінен, Қазақстан мен Сібірдің
далалы аудандарында қолданылады
2-тапсырма
Оқылым мәтіні бойынша өздерің көрген боранды
тірек сөздер мен сөз тіркестері арқылы сипаттап 8-
10 сөйлеммен жинақы мәтін жазыңдар