Помагите плз Мәтінді оқыңыз. Оның басты идеясын 5-6 сөйлеммен жазбаша түсіндіріңіз.
Қазақстанның дәрілік өсімдіктері

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен
мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрілер
сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін
қолданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бағасы бойынша дүниежүзі
халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір Азия мемлекеттерінде, мысалы Қытай,
Жапония, Индия бұрынғыша қазіргі заманғы медицина жетістіктерімен қатар халық
емшілерінің емдерін кеңінен қабылдауда.
Соңғы жылдары дамыған елдерде ауырған адамдардың көбісі табиғи жолмен
алынған дәрілерді артық көре бастады. Мысалы, Жапонияда фармацевтикалық жолмен
алынған препараттарды сатып алу 2,6 есе өссе, табиғи жолмен алынған дәрілер 15 есе өсті.
Қытайда 1993 жылы өсімдіктерден алынған дәрілер сатудың жалпы бағасы 2,5 млрд.
доллар болды.
Америка Құрама Штаттарында дәрігерлердің жазған рецепттерінің 25%-ы өсімдік
препараттары. Халықтың арасында сұрау жүргізгенде сол мәлімет берген адамдардың
Голландияда және Бельгияда 60%, Англияда 74% қосымша медицинаны халықтың
пайдалануға мүмкіншілігі болу керек деген. Қазақстанда дәріханаларда сатылатын қымбат
дәрілердің 70-90%-ы шет елдерден әкелінген. Өз елімізде дәрілік өндірісті дамыту үшін
әрине көп уақыт керек. Ол үшін медицинада дәрілік өсімдіктердің өздерін кеңірек
пайдалану қажет.

sametovarnur sametovarnur    2   02.11.2020 15:03    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi