помагите Ғаламтор қазақ тілінде
КЕЛЕР ШАҚ. ТҮРЛЕРІ
Келер шақ — сөйлеу кезінен кейін болатын істі, қимылды білдіретін етістік
формасы. Қазіргі қазақ тілінде келер шақтың үш формасы бар: болжалды келер
шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ.
БОЛЖАЛД Ы КЕЛЕР ШАҚ
Болжалды келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді.
Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің -ар, -ер, -р болымсыз етістіктен кейін -с жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: біз бар-ар-мыз, сен оқы-р-сың, сіздер кел-мей-сіздер.
Болжалды келер шақ -с жұрнағы арқылы болымсыз етістіктен жасалғанда қимыл, іс-әрекеттің болмауын болжай, күмәнмен айтудан, білдіруден гөрі жігерлі, үзілді-кесілді мән беруге бейім болады: барма-с-пын, кел-ме-с-пін.Кейде І жақ жіктік жалғауы -пын, -пін ықшамдалып, -н түрінде ғана жұмсалады. Мысалы: бар-ма-с-пын — бар-ма-н, сөйле-ме-с-пін — сөйле-ме-н.
Мұндай тұлғалы етістіктер поэзияда жиі кездеседі. Мысалы: Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін
тұрман зарлап (Абай).
1-тапсырма
Мәтінді оқыңыз.
1В. Мәтінде қарамен берілген сөйлемдерді болжалды келер шаққа айналдырыңдар.
4-тапсырма. Берілген тірек сөздерді қолдана отырып, болжалды келер шақта тұрған сөйлемдер құраңдар.
1.“Көшпенділер” фильмі, аптада, көру, келесі, мен.
2.Футбол ойнау, ешқашан, қоймау.
3.Келесі жолы, көп отырмау, ғаламторда.
4.Мүмкін, бару, дүкен, аралауға.
5.Қолға алу, үй салуды, олар.
6.Көлік, әкем, қаражат, алуға, жинау.
7.Дүкен, кітап, бұл кітап, сатылмау.
8.Компьютер ойнау, зиян, денсаулыққа, аса, болу.
5-тапсырма. Кім көп табады! Болжалды келер шақтың болымды түріне 5 сөйлем, болымсыз түріне 5 сөйлем құрап, мағыналарына назар аударыңдар.
Мысалы: Мен үйге бармақпын. (болымды)
Мен үйге бармаспын . (болымсыз)