Поэманың «Қазақ халқы- өнерлі халық» ойтолғау жазу Жұмыс көлемі – 140 сөз.

ladyhyuna ladyhyuna    1   25.01.2022 03:11    0

Ответы
saban15 saban15  25.01.2022 06:00

XVI-XVII ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақтың ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған да, оны ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған да халық арасынан шыққан дарынды адамдар - ақындар, сал- серілер, жыраулар еді. Ақындар халықтың поэтикалық мұраларын сақтап, айтып берушілер, лирикалық жырларды жасаушылар болды. Сал, серілердің арасынан көптеген атақты сазгерлер мен жезтаңдай әншілер шықты. Әншілер, күйшілер, ұлттық ат спорты ойындарының шеберлері, алуан түрлі сауыққойлар, күш иелері- балуандар, құсбегілер жалпы халықтық тойларда өздерінің даңқын шығарып жүрді. Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Өмір мен өлім, қазіргі мен келешек туралы ойды өрбіте келіп, жырау өзінің моральдық-этикалық көзқарастарын жеткізді, өз тұсындағы қоғамға, табиғатқа өзінің көзқарасын білдірді. Жауынгер жыраудың туындылары әдетте шабытты романтизмге, ерлік пен азаматтық пафосқа толы болды. Қазақтың батырлар жырын туғызушы да осы жыраулар еді. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (1465-1560 жж.), Доспамбет (1490-1523 жж.), Жиембет (XVIIғ.), Марғасқа (XVIIғ.), Ақтамберді (1675-1768 жж.), Үмбетей (1706-1778 жж.), т.б. жыраулар. Олар- сол кездегі шиеленіскен саяси күрестің қиын-қыстау кезеңдерін жырға қосып, елін, халқын азаттық үшін күреске үндеген адамдар.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi