Подскажите, как называется это стихотворение?(Его автор Мухтар Шаханов) Ал сен қалай бағыттадың нұрыңды, Жасырмай айт, Жасқанбай айт сырыңды – деп қария Дойылмен бір отырған Ұяң шәкірт жас Әбуге бұрылды. Әбу айтты: — Менде де бар бір арман, Маздап жанып, қол бұлғайтын шынардан. Ұлы баба, бірақ менің арманым Парыз бенен махаббаттан құралған. Шамын жақсам ғылым менен өнердің, Елімді зор мерекеге бөлермін. Бұл сапарым азапты да шығар — ау, Не де болса пешенемнен көрермін. Мейлі мәңгі жарымайын киімге, Мейлі түйір нан қалмасын үйімде, Мейлі ұлының еңбек етіп арымен Жүргендігін ұғынбасын қалың ел. Қарлы боран қыран жолын бөгер ме?! Өнеріммен тасып толам кемерге. Мен өзіме риза емеспін, елімнің Сүйеніші бола алмасам егер де. Қарт жымиды: — Бәрекелде, жаз жайраң! Көл болмаса тояттайды қаз қайдан?! Біреуіңнің арманыңнан шошып ем, Бірің, міне, еттің лезде мәз-мейрам. Бірің үшін күрсінумен өтермін, Бірің үшін сүйсінумен өтермін, Сөйте-сөйте мен де өмірден кетермін. Беттеріңнен жарылқасын, тәңірім, Ал жарайды, батам осы, барыңдар, Отырарда туған ұлы дарындар! Әжуасын әжіміне жасырып, Жылдар ақты, Жылдар ақты асығып, Жалын еді-ау арманы айқын, өр көңіл, Екі досты екі арнаға бөлді өмір. Дойыл солай өзгертпеді шешімін, Дәулет оған жылдам ашты есігін. Өнері асқан саудагердің көп өтпей Бағдад, Мысыр түгел білді есімін. «Есепсіздің несібесі озар ма?» Әйелін де баулыды ол со заңға, Қонаққа арнап асылатын етті де Өзі салып беріп жүрді қазанға. Тек байлыққа деген жұтаң сараңдық Жіберді оның бар өнерін қараң ғып. Міне осылай жазық дарын, жас тұлға Ұшырады әбілетті тозғынға. Саудагерді өзге түгіл Өзінің Ұрпақтары кетті ұмытып аз жылда. Ал Әбу ше? Кеңге жайды ол қанатын, Әбуіміз — әрі талым, әрі ақын, Әбуіміз — біздің ұлы бабамыз Әбу — Насыр әл — Фараби болатын. МӘҢГІ ЛАУЛАП ЖАНУ ҮШІН ҒАЛАМДА, ҮЛКЕН БАҚЫТ ТАБУ ҮШІН ҒАЛАМДА, ҮЛКЕН БОЛЫП ҚАЛУ ҮШІН ҒАЛАМДА, ҮЛКЕН АРМАН КЕРЕК ЕКЕН АДАМҒА.

алекс818 алекс818    2   14.09.2020 08:28    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi