по СОР Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі сұраққа өз сөзіңмен толық жауап ұсын.
"Мәңгілік Ел" ұғымын қалай түсінесің?
Жетістік – кеңесе білген жерде, бірлік пен тірлік бар жерде. Солай болғанда ғана Елбасы өз Жолдауында атап көрсеткендей Жалпыұлттық идея – қазақтың Ұлттық Шаңырағы – Қазақстан құт пен берекенің, ынтымақ пен ырыстың ошағына айналмақ. Мәңгілік Ел болу үшін қазақ – шаңырақ, этностар –уық, ынтымағымыз – кереге болу қажет.
Бүгінде, Қазақстан әлемнің төрт бұрышына түгел мәшһүр, ұлттық мемлекеттiлiкке тән барлық қадір-қасиеті мен рәміздерін қамтамасыз еткен мемлекет. Саяси егемендігіміздің іргетасы экономикалық жетістіктермен бекітілуде. Ұлтаралық татулық пен халықтар достығы саяси тұрақтылығымыздың мәуелі мәйегiне айналып отыр. Тіліміз бен діліміз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз жанданып, жаңарып жатыр.
Еуразия атты қарт материк талай аласапыран оқиғаларды басынан өткізсе де, осы апайтөс құрлықтың дәл кіндік ортасындағы ұшы-қиыры жоқ Ұлы даланы «үстінде көк аспан, астында қара жер жаралғаннан бері» мекен етіп келе жатқан халқымыз әр кезде де Бостандық, Еркіндік, Азаттық ұғымдарымен ұлықтанып келеді. Бас-аяғы бес жарым ғасыр ішінде қазақ халық ретінде, Қазақстан мемлекет ретінде небір тар жол, тайғақ кешуден өттi. Керей мен Жәнібек, Хақназар мен Тәуке хандар тұсында азуы алты қарыс көршілерінен еш қаймықпай, қалыспай, терезесін тең ұстап, ел мен жұрт үшін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнатты. Ұлттық мемлекеттілікке деген ұлы махаббаттың, еркіндік сүйгіш ерік-жігердің, тәуелсіздікке деген арманын дүниедегі бар асылына балаған асқақ рухтың арқасы.