по сочу Каз яз. Задания во вложении. Если вложение не открывается то внизу
І нұсқа
Оқылым
1. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңдар.
Қатаған ақын:
Ау, Сүйінбай, Сүйінбай,
Тоқтат енді сөзіңді.
Ояйын ба көзіңді!
Ақынмын деп ойлайсың,
Мен тұрғанда өзіңді.
Көптігімді-ау айтайын,
Байлығымды-ау айтайын,
Менің атым Қатаған,
Қоңыр Бөрік асында,
Бес жүз жылқы матағам!
Кенесары төреңнің,
Басын кесіп алғанмын.
Наурызбайдай бегіңді,
Итіме сүйреп салғанмын.
Заты жаман Сүйінбай,
Қане кегіңді алғаның?
Кек алам деп жүргенде,
Ішіңде кетер арманың.
Көптігімді айтайын,
Қазақтың шауып жылқысын,
Алдына салып айдаған!
Байлық десең, бізде бар,
Батырлық десең, бізде бар! Құлақ сап, тыңда, Сүйінбай!
Сүйінбай ақын байқадым,
Қағылып қалды сайтаның.
Кезегіңді алып сөйлеші,
Сыртыңнан байқап қарайын?!
Сүйінбай ақын:
Қашырма төрем, қаныңды,
Кіргізейін жаныңды.
Қатағаннан жеңілсем,
Талап алғын малымды.
Іздегенім осы еді,
Іздегенім табылды.
Қатаған сөзден жаңылып,
Өзіне-өзі қағынды.
Мақтанып жүрсің, Қатаған,
Бес-алты біткен танаға.
Кенесары, Наурызбай,
Қырғызды келіп бес шауып,
Келтірген ауызын тобаға.
Манаптарын кергілеп,
Апарып тыққан молаға.
Бұл Құдайдың қазасы,
Қазаға қарсы бола ма?
Байлығың сенің белгілі,
Жаздай егін айдайсың,
Жалғыз бұзау байлайсың.
Түлкілікті қоймайсың,
Сүйінбай сынды ақынды,
Жеңемін деп ойлайсың.
Аз қонаққа ақ сұрап,
Көп қонаққа ет сұрап,
Қазақ жақын қонғанда,
Келуші едің мал сұрап.
Топ бастаған бұлбұлмын,
Сөз бастаған жүйрікпін,
Судан шыққан сүйрікпін,
Бәйгеден озған дүлділмін.
Шығарма Қатаған үніңді,
Есіңе сақта бүгінгі,
Қанатың сынған күніңді.
1. Кенесары мен Наурызбайдың ерлігі қалай сипатталады?
А. әскер бастаған жүйріктер
В. манаптарды бағындырған батырлар
С. топ бастаған дүлдүлдер
Д. бәйгеден озып шыққан батырлар [1]
2. Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіріп жазыңыз.
а. Бөрік -
б. Манаптар - [1]
3. Төменде берілген шумақты, өз сөзіңізбен (қара сөзбен) қайта жазыңыз.
Аз қонаққа ақ сұрап,
Көп қонаққа ет сұрап,
Қазақ жақын қонғанда,
Келуші едің мал сұрап.
[1]
4. Айтыскер ақындардың тапқырлығына баға беріңіз.
Бағалаңыз
Қатаған
Сүйінбай
[1]
5. Қазіргі айтыскер ақындарға өз пікіріңізді білдіріп, жауап жазыңыз.
[1]
Жазылым
1. Жауапты тиісті стильге келтіріп жазыңыз.
Қазақстан - Байқоңыр – Ғарыш
Сіз жақында ҚР Халық қаһарманы Т. Мұсабаевпен кездестіңіз. Сізбен болған сұхбатта ғарышкер сіздің, жас жеткіншектердің көкейіндегі сауалдарына жауап берді. Жалпы, нақты, альтернативті, жабық сұрақ түрлерін көрсете отырып, сұхбатты жазыңыз. Жазылымда орфографиялық, пунктуациялық норманы, салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданыңыз. [10]
Нұсқаулық:
Кіріспе жазу: журналистің алдына қойған мақсаты;
Сұхбатты жөнге келтіру, таза қағазға барлық сұрақтар мен жауаптарды жазу;
Редакциялау: сұрақтар мен жауаптардың барлығы қаншалықты қызықты, маңызды екендігін қарап шығу, мәтінді тексеру.