«Әпке» шығармасындағы көтерілген мәселеге катысты проблемалық сұрақтар құрастырып, талқылау жүргізіңдер. Дулат Исабековтің «Әпке» пьесасы туралы әдеби сын Пьеса - автордың драматургия жанрындағы елеулі ізденісі. Онда жастардың өмірі суреттеліп, бейнелері жасалған. Пьеса кейіпкерлері болашақ өмір жолындағы күрестің үстінде шындалып, ой-өрісі, түйсік-түсінігі кеңейеді, азаматтық келбеті қалыптасады. Отан алдындағы борышын айқындайды, жас адамға тән парасат биігінен көрінуге ұмтылады. Драматургтік пайымдар ой-түйіні де осыған саяды. «Әпке» – бүгінгі жас замандастарымыздың өмірін суреттейтін, жақындар арасындағы сырткөзге шалына бермейтін нәзік қарым-қатынас, бір-бірімен сыйластық, отбасы мен қоғам алдындағы азаматтық борыш мәселелерін мезгілінде көтерген шығарма. Бағыбек Құндақбаев. Қазақ әдебиетінің тарихы (10 томдық). 9-том. Алматы: ҚАЗақпарат, 2005. Кері байланыс: «321 3 факт 2 көзқарас 1 тұжырым