Письмо Талгату Бегильдиному

Dan99pro Dan99pro    3   29.05.2023 21:38    0

Ответы
sacha0457 sacha0457  29.05.2023 22:00

Қазақстан – Ұлы Дала елі

Еуропаның дәл ортасындағы, жүрегі атанған ел – Қазақ елі. Қазақстан - ұшқан құстың қанаты талатындай ұлан – ғайыр аумақтың иесі. Мен мақтанышпен, көкірегімді көкке көтеріп «Мен Қазақстанның жас ұрпағымын, келешегімін!» - деп жарияға жар сала аламын.

Тәуелсіздік - қазақ халқының өшкенін жандырып, өлгенін тірілтті. Алматы мен Астанада, облыс орталықтары мен ірі елді мекендерде Керей мен Жәнібек, Абылай мен Әбілқайыр сияқты әйгілі хандарымыздың, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың еңселі ескерткіштері бой көтеріп, олардың есімдері елді - мекендерге, жоғары оқу орындары мен мектептерге берілді. Бабалардың ерлік пен күреске толы өнегелі өмір жолдары жайлы том - том ғылыми еңбектер мен әдеби шығармалар жазылды. Тәуелсіздікпен бірге оралып, ұрпағына ұланғайыр қоныс қалдырған батыр бабаларымыздың биік рухы қазақтардың, әсіресе, жалындаған жастардың арасында аса зор патриоттық өрлеу туғызып, ұлт тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатты. Тек өткен тарихымен ғана мақтанатын елдің болашағы бұлыңғыр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi