Перевод рассказа Ыбрая Алтынсарина "мейiрiмдi бала" Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесе-тұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы «әкем үшін жауап беремін» деп, мәлім болды. Қызды патшаға алып келісті.
— Тақсыр патшам, — деді қыз, — менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айрылуы керек болды. Мінекей, тақсыр, әкемнің қолы, —деп өзінің қолын көтерді. — Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы, бірақ мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз, тақсыр, осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға.
Патша баланың мұнша атасына мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін кешті дейді.