Перевод Күн ұлымын, қолдаушым Күнім менің,
Күннің нұры
бойыма сіңіргенім.
Тұғыр бердiң сен маған: «Елді ойла!» — деп,
Сол тұғырдан шығады үнім менің.
Ұғамысың, халайық, жүрек үнін?
«Сен!» деп соққан сол үнді біледі кім?
Мен-дағы ғаламшардың тұрғынымын:
сүйеуі - Жер,
демеуі — Ай,
тірегі - Күн.
Биік..., биік...
Мақсатым биік менің,
Биігімді көреді киіктерім,
Күй-үнімді тыңдайды ұйып көлiм,
Өзің үшін өртенген жырларымды
Жеткізе алсам, арман не, сүйікті елім!
( Әкім Ысқақ )

Shkolnikt Shkolnikt    3   06.12.2021 18:40    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi