Перевод Қалашылар, қалашылар келеді! Түсіндірме сөздік
Анау Абай, Абай ғой, айналайын-ай! Апа-
сына айтайыншы, - деді бір қартаң әйел.
Кемсеңдеу - жы-
Бәсе, Телғара ғой... жаным-ау, мынау...
ламсырау.
Телғара! Әпкеме айтайыншы, деп, тағы бір жас
әйел, жеңге де үлкен үйге қарай ұмтылысқан.
Сағынған баласының келер мөлшерін Байтас кеткеннен бері
шешесі Ұлжан да есептеп, осы бүгінге ұйғарып жүр еді...
...Кезек өз шешесіне келгенде, ол сүйген жоқ. Қатты бір қысып,
бауырына басып тұрды да, маңдайынан иіскеді. Абайдың өкесіндегі
тартымды салқындық шешесіне де көптен бергі мінез болған. Бала
осыдан арғыны күтпеуші еді. Бірақ бауырына басқанның өзінде де
Абайдың жүрегін қатты-қатты соқтырған аса бір өзгеше жақындық
білінеді. Ана құшағы!.. Ұлжан көп ұстаған жоқ.
Әжеңе бар, әнеки! деп, үлкен үйдің алдына қарай бұрып
жіберді. Көрі әжесі Зере бәйбіше таяғына сүйеніп, ұрсып тұр екен.
Жаман неме, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман
неме! – дей беріп, қасына, құшағына немересі барғанда, «жаман
неменің» артынан лезде: Қарашығым, қоңыр қозым... Абай жа-
деп кемсеңдеп, жылауға айналып кетті...
М.Әуезов. «Абай жолы»
ным...​
дайте перевод ​

oriano oriano    2   18.09.2020 21:17    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi