перевести
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат антараса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Түйе боздап, қой қоздап - қорада шу,
Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда
Сыбдыр қағып бұраңдап ағады су.
…Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп,
Жан-жануар қуанар тойға елеріп.
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.